Баспалдағын түгел өттім өмірдің – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Баспалдағын түгел өттім өмірдің» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 893
Ақтардың ба, төңкердің бе,
Өзің біл...
Көзден аққан топан селге
Көмілдім,
Бір құдырет көкжиекті
Көмкеріп,
Қайда барсам –
Өзің ғана көріндің!
Тұтас едім – сөгілдім,
Тұнық едім – төгілдім,
Тастай едім – үгілдім,
Шынардай ем – бүгілдім.
Алыстаған сәттеріңде
Өмірден де, өзімнен де
Түңілдім...
Алдадың ба, арбадың ба
Өзің біл...
Күн еңкейген сәтте неге
көріндің?
Баспалдағын түгел өттім
өмірдің, деп жүргенде...
Қайдан ғана көріндің,
кілтін бұзып көңілдің?!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері