Өлең, жыр, ақындар

Кербез кеш мамырлап кеп...

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 576
Бүр жарып бұта гүлдеген
көгілдір көктем еді,
бір шуақ ақша бұлттың
бетінен өппек еді...
Қызарып, күн кірпігін
көтермей, төмен қарап,
қымсынған кешкі керім
көріністі тамашалап,
қиялға батқан кезім.
Осы кез – қас-қағым сәт,
барлаушы көңіл үшін,
өлшесек уақытпен – кешкіғұрым.
Әнші құс нәзік талдың білегін талдырған сәт...
Кербез кеш мамырлап кеп,
шымылдық ысырған сәт,
ымырттың уыз қылық мысы басып
құштарлық ақ кептерін ұшырған сәт.
Тал мүсін қыздың белі қыналған шақ,
Бейкүнә періштелік сыналған сәт.
Пәк сезім құмарлықпен арбасқан сәт.
Ып-ыстық алақандар
буынсыз биші болып бұралған сәт.
Сананы діріл билеп,
батылдық ымдаған сәт,
бір-бірлеп жұлдыз сөніп,
әлсіз жарық бәлсініп бұлданған сәт...
...Жұлдыздар тұра қашып,
жауһар шық шашылған сәт.
Патшасы көк жүзінің Күн оянып,
зер сала төңіректі зерделеп бір шолған сәт...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

З-ға

  • 0
  • 0

Жан досым...
қиын боп тұр, рухым жүдеп,
Осыдан кетпесе екен дертім үдеп.
Риясыз үміт артып сенгеннен соң,

Толық

Тәуба

  • 0
  • 0

Жел сөзді демеу деп қалдым ба, өкінем,
Кешірші, жүрегім, кешірші, өтінем!
Онсыз да жүргенде сетінеп,
Толтырып мұң құйып кетіп еді,

Толық

Құрбыма...

  • 0
  • 0

Мұнша бітеу болармысың, шіркін-ай!
Әзер тұрдым көз жасымды іркіп-ай,
Мелшидім-ау тас төбемнен ұрғандай,
Қатыгездік шын балалап тұрғандай!

Толық

Қарап көріңіз