Солар айтсын – Аманқос Ершуов

Бұл бетте «Солар айтсын» атты Аманқос Ершуов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 1
  • 1298
Өзімді-өзім даттағанда не табам,
Өзімді-өзім мақтағанда не табам?
Мен туралы ұзақ-ұзақ сыр айтар
Оңашада басын қосса екі адам.

Олар менің алдағымды болжайды,
Жұлдыздарға тіке тартар жол жайлы.
Адамдардың алақанында келем ғой,
Не десе де солар айтсын мен жайлы.


Пікірлер (1)

Каусар

Керемет маған қатты ұнады

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері