Эпитафия – Серік Томанов

Бұл бетте «Эпитафия» атты Серік Томанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 2
  • 1902
(Құлпытастағы жазу)

Шаруа едім тірліктің көшіне ерген,
Таусап таттым жердегі несібемнен.
Көп жыл болды мәңгілік ұйқыдамын,
Топырағым бұйырды осы жерден.
Ата-бабам, бауырым, туысым да,
Осы жерде: төбенің қуысында.
Алып кеткен өзімнің ештеңем жоқ,
Топырақ тек қалғаны уысымда.
Бір кісідей шайқап ем тірлігімде,
Жалған дүние жалт етпей тұрды кімде?!
Адамдарға айқайды салар едім,
Амалым жоқ қайтейін, білдіруге.
Ей, тірілер!
Өмір жоқ өлім барда.
Тілегім сол: соқпасын жолың жарға,
Қу тірліктің бағасын білгің келсе,
Көз қырыңды салып қой қорымдарға.

Ей, тірілер!
Құлақ ас өлілерге,
Есептесер қу тірлік сенімен де,
Ажал бір күн аптығып жетіп келсе,
Жарты қарыс жер қалмас шегінерге.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Ерсайн

Өте керемет !

Дана

Серік Томановтың «Эпитафия» өлеңін оқып, шымырлаған ойға қалдым. Бұл – тек құлпытасқа жазылған жазба ғана емес, тірілерге арналған терең философиялық сабақ, өмірдің ащы шындығын бетке басқан асқақ толғау.

Өлеңнің күші – сол қарапайым әрі тапқыр тілінде. Ақын өлімді бейнелеу арқылы тіршіліктің мәнін ашуға тырысады. «Алып кеткен өзімнің ештеңем жоқ, Топырақ тек қалғаны уысымда» деген жолдар – адамның өткіншілігін, дүние-мүліктің бос екенін айнытпай жеткізген.

Серік Томанов осы бір шағын өлеңмен үлкен тақырыпты қозғаған. Мұндай туындылар – әдебиеттің өміршеңдігін, оның адамның рухани дүниесіне әсерін көрсетеді.

Осы автордың басқа өлеңдері