Түн өтті. Тағы да бір таң атты аман – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Түн өтті. Тағы да бір таң атты аман» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 794
Түн өтті. Тағы да бір таң атты аман,
Құлпырды күн астында жанат ғалам.
Ақ бауыр қарлығаштың қанатымен
Қалықтап барады ұшып алаптағы ән.
Тамыры тіршіліктің бүлкілдеген,
Ауысып құлпырады ол жыл, күнменен.
Ертеңім ертегі боп елестейді
Үмітке үкі тағып үлпілдеген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері