Бұрқыраған күндердің бұршағында – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Бұрқыраған күндердің бұршағында» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 651
Бұрқыраған күндердің бұршағында,
Берілуге болмайды мұнша мұңға.
Мен өзіңе тағы да күліп келем,
Ауруымнан айыққан бір шағымда.
Жылжып аққан тірліктің жаңбырында,
Тіршіліктің түрленген сан қырында.
Өтіп кетті ескі күн өкінішті,
Жаңғырық боп қайтадан жаңғыруға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері