Уағыздаймыз ауыз жаппай адамдық – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Уағыздаймыз ауыз жаппай адамдық» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған адамгершілік туралы өлең берілген.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 569
Уағыздаймыз ауыз жаппай адамдық
Дейміз бәрін соған сайып тамам ғып.
Адамдықтан туындайтын ең асыл
Арман болып бара жатыр адалдық
Сауда.. ақша — дүр сиқырға байланып,
Ақ жанды ел атың мүлде жәй қалып
Кетпесе игі қасиетің ағайын,
Арамдықтың қоғамына айналып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері