Көлдерде балық біткен шоршып қайнап – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Көлдерде балық біткен шоршып қайнап» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 765
Көлдерде балық біткен шоршып қайнап,
Шалқыған мұхит болды шалшықты аймақ.
Кеулімжай бала көңіл, дана көңіл
Жүреді қапталына торсық байлап.
Жатыр ма жүрегімде тарсыл құлап,
Ал, кәне, арындап кел, аршыл, бұлақ.
Самсаған жапырағы сыр бүккесін,
Сарғайып сағыныштан, сарсылды бақ.
Көңілім, шықтың ба аман Шер қаладан,
Маралым шөлдеп қайтты Кербаладан.
Тынысың қайта соққан құтты болсын,
Жаңарып, жайнап келген Жер жаңадан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері