Сынаптай сырғанаған заманада – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Сынаптай сырғанаған заманада» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 736
Сынаптай сырғанаған заманада,
Сарғайып шам жанады бағанада.
Найзағай ақ семсерін сілтеп жатыр,
Келтірмей тәубаға да, тобаға да.
Күндер де, адамдар да құбылады,
Кеудеге көлеңкелер тығылады.
Сен-дағы соғысыңнан танба, жүрек,
Шалқыған мезгілді күт шұғылалы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері