Күн де әбден жалықты жарқыраудан – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Күн де әбден жалықты жарқыраудан» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 627
Күн де әбден жалықты жарқыраудан,
Сарқырама шаршады сарқыраудан.
Жапырақтар тас жолға жабысып ап,
Жаңбыр жырын айтады жалтыр аудан.
Биік терек жел тербеп шайқалады,
Жаңбыр, жаңбыр, сол жаңбыр айтар әні.
Жапырақтың төбеде қалықтаған.
Батыл-батыл ойлары байқалады.
Шыдам біткен түсті де қақпақылға,
Жел жынданып, симастан жатты ақылға.
Қара балшық иленді жасын жұтып,
Тарс есінен айрылған ақпа құмда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері