Өлең, жыр, ақындар

Көкпар тартса, тарқатылар бұрау үн

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 952
Көкпар тартса, тарқатылар бұрау үн,
Лақ иесі айта алмайды сұрауын.
Ылғи мені шақырады қонаққа
Бие ұстаған, қымыз ішкен бір ауыл.
Білмеймін ғой, қаншама сыр айтылды,
Күн де шықты, таң бозарды, ай туды.
Мен сол жаққа бара қалсам қонаққа,
Ұмытармын қалай кері қайтуды.
Үн деп ұқсам шарықтаған кей үнді,
Сала берсем сұлулыққа зейінді,
Ұмытуым қиын болар артынан,
Бере қалса маған олар пейілді.
Құлдиласа, құс табады жемтігін,
Мен де қонақ бола аламын сен түгіл.
Сағынышы аспан жаққа биіктеп,
Туған ауыл баса алмай тұр ентігін.
Шаршағанда арпалысты күрестен,
Ішкі лебі арманымен тірескен.
Ауыл болып қонақтыққа шақырған
Әдемі әуен кетпей қойды бір естен.
Күндер, күндер, ақша бұлттай бұрқаған,
Болмайтұын шегінуге бір қадам.
Мен артыма сан бұрылып қарармын
Ең соңғы әуен естен кетпей шырқаған.
Шығандамас дауыс дауыс емес қой,
Ол әшейін көлеңкелі көмескі ой.
Мен ауылдан нағыз әнді тыңдаймын,
Алматыда ешкім әнші еместей...
Бүкіл ғалам сол әнді айта береді,
Айтып болып үйге қайта береді.
Әміренің зор үніне симаған
Қазағымның ұлан байтақ әлемі.
Елде жүрсем, жарайды ғой қоңыр күн,
Шын қадірін ұққан шақта өмірдің,
Менің қайран шын қазақы көңілім,
Пейіл менен қара суға семіргін.
Атқа мініп, оза шапсам, терлесем,
Бала күнгі бал арманым, тербе, сен.
Жыраулардың әнін тыңдап жантайсам,
Сән киімін оқаменен зерлесем.
Оқа мен зер – кеңістіктің бөлшегі,
Арғы тармақ түпте жатыр өлшемі.
Шарайнамда ен мен таңба үйлесіп,
Қысқа күнде құдай сынды күй кешіп,
Туған өлке, құлай сүйем мен сені.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айнакөлім жоғалтты сыңқыл дауыс үйректі

  • 0
  • 0

Айнакөлім жоғалтты сыңқыл дауыс үйректі,
Үйіріліп үйрекпен шанақ бойлап күй кеті.
Ұшпайды алыс жаққа ол, қайта айналып келер деп,
Бүлкілдетіп барады тәтті дәме бүйректі.

Толық

Дидарың неткен жайдары

  • 0
  • 0

Дидарың неткен жайдары,
Жарқырап келген жаңа күн.
Бұрқылдап тірлік қайнары,
Гүлдерге тұнды алабым.

Толық

Тағы ештеңе бітіріп үлгермедім

  • 0
  • 0

Тағы ештеңе бітіріп үлгермедім,
Тырна қылып ұзатам күндер легін.
Қап-қара боп көздері, кірпік қақпай,
Терезелер айтады түн келгенін.

Толық