Менің құйттай аялаған Үмітім – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Менің құйттай аялаған Үмітім» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 855
Менің құйттай аялаған Үмітім
Жасап жатыр жүрегіме иелік,
Терезенің жақтауына сүйеніп,
Қаңтар айдың қысқарғанда күні тым.
Бозторғайдың шырылдаған үнімен,
Қанаты оның дір-дір етіп тоңады.
Бір ұшады, сосын қайта қонады,
Тал бұтағы тербеледі түнімен.
Әлсіз шырақ, білтесі оның жылтырап,
Айна алдында шашын үнсіз тарайды,
Түн қойнына көп тесіліп қарайды,
Бет пердесін Қорқыныштың жыртып ап.
Кірпігіне үйшік салып ұлы Түн,
Кешегінің жанған өртін ұмытып,
Ғұмырымды келе жатыр жылытып,
Менің құйттай аялаған Үмітім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері