Жаңа бір күн туды ма – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Жаңа бір күн туды ма» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 534
Сері таудың сенделіп, сезімінде,
Бұлт сәнденді, - түседі, көзі кімге?
Жырым қылышын алды, өткір – сөзі мүлде,
Жаңа бір күн туды ма?

Жарқылдаған алмас па, қылышы оның,
Жап-жасыл көктем бе екен, тынысы оның.
Ойлы саусақ шертеді, сыр ішегін,
Жаңа бір күн туды ма?

Жапырақтар жаңбыры – орман іші,
Ақын-қайыңның бұл тылсым толғанысы.
Самал-қылығыма таудың көр, таңданысын,
Жаңа бір күн туды ма?

Сезім-өзен арнадан тасып ақты,
Жер-ана, нұрына алақан тосып апты.
Дала – алау гүлден сүйінші шашып жатты,
Жаңа бір күн туды ма?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері