Қызғалдақтай болдым бүгін – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Қызғалдақтай болдым бүгін» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 602
Өзімді жағып-жағып, жыр, міне,
Отыммен ысытып, түнді де.
Періште сәбидей күлді ме?
Қызғалдақтай болдым, бүгін!

Айналам алаулап, албырап,
Жырым аспанда қаңғыды-ақ!
Гүлін өсірдім, мәңгі бақ,
Қызғалдақтай болдым, бүгін!

Көл беті – аққулар күлімдеп,
Аймалап, самал кеп, күнім көп.
Жырменен шашылды, гүлім көп,
Қызғалдақтай болдым бүгін!

Жасылдан шапанын тал киіп,
Тұрды, бақытыма таң күліп.
Жамалына, Оның – өзін жан қиып,
Қызғалдақтай болдым, бүгін!

Жұпарым жырыма қонғанда,
Жүректердің жарасын таңғанда!
Тылсымнан шамым жанғанда
Қызғалдақтай болдым, бүгін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері