Мынау заман

Бұл бетте «Мынау заман» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 660
Мынау заман
Қай-қай заман?
Сұрағы көп айқай заман...
Пұлы барлар алшаң басып,
Шалап ішкен шайқай заман...
Мынау заман
Неткен заман?
Нарық заңы өктем заман.
Тыңдар құлақ болмаған соң,
Сөз қадірі кеткен заман.
Жүйке жонар оқтай заман,
Апшыңды алар оттай заман.
Арам ақша,
Адал ақша...
Аражігі жоқтай заман.
Бар адамға – мақұл заман,
Жоқ адамға – ақырзаман.
Біреуге – бал,
Біреуге – у боп
Таңдайына татыр заман.
Мұнар, мұнар, мұнар заман,
Жұрт баюға құмар заман.
Пұл болмаса қадірің жоқ,
Болды осыны ұғар заман.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мынау заман өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Мынау заман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мынау заман өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мынау заман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері