Жаз өтті – Қатира Жәленова

Бұл бетте «Жаз өтті» атты Қатира Жәленова жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1019
Шық болып аунап,
Қайыңның жапырағында,
Көк болып қаулап,
Туған жер атырабында.
Жаз өтті тулап,
Бұлқынған бал-бұлақтарда.
Жаз өтті шулап,
Сыңсыған тал-құрақтарда.
Қиялыма елтіп,
Көктемді аңсағанымда,
Жаз өтті желпіп,
Керімсал таң самалында.
Ақ таңдар булап,
Алтын нұр жалатқанында,
Жаз өтті зулап,
Құстардың қанаттарында.
Сары белден құлап,
Сары ала күз келді де,
Жаз кетті жылап,
Тырналар тізбегінде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері