Нені ойладың?

Бұл бетте «Нені ойладың?» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1109
Досым-ау,
Нені ойға алдың?
Мұңды бір күйді толғадың.
Жүректі шым-шым ауыртып
Қой десем қояр болмадың,
Досым-ау,
Нені ойға алдың?
Шеріңді қозғап бұрынғы,
Сағындың ба екен бір үнді?
Ақтарып жатсың сен неге
Пернеге тұнған сырыңды?
Мұңымды менің сезін деп,
Мендегі күйге егіл деп.
Ақтарылатын кезің кеп,
Домбыраң кетті безілдеп...
Қойды ма кетпей есіңнен,
Үмітің қайран, кесілген.
Баянсыз өткен махаббат,
Бұйырмай кеткен несібең,
Қойды ма кетпей есіңнен?..
Еске алып бүгін қайдағы
Қым-қиғаш өткен жайларды,
Несіне мұнша жабықтың,
Көздерің – соның айғағы.
Қой, досым,
Бұлай егілме,
Жаз орнат жарқын көңілге!
Басыңнан тайған
Бақ құсың
Айналып соғар, тегінде...
Қой, досым,
Бұлай егілме!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нені ойладың? өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Нені ойладың? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нені ойладың? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нені ойладың? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері