Үйлену тойында – Қатира Жәленова

Бұл бетте «Үйлену тойында» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 636
Басылмай тұрып
Өмірге ыстық құмары,
Арыны күшті
Жастықтың бітпес жыр-әні...
Баршаға мәлім
Махаббат атты кеңістік,
Жаңа отау құрған
Жас жұбайлардың тұрағы.
Қақ жарып төсін
Көгілдір күмбез аспанның,
Ақ кептер ұшты
Жаршысы болып ақ таңның.
Жаңа өмір бастап
Тағы бір отау тігілді,
Буыны бекіп
Солқылдап өскен жас талдың.
Жанарларына
Ізгілік нұры жиылған,
Сыйынар болса
Тек, махаббатқа сыйынған,
Ақ тілекпенен табысты бүгін
Қос жүрек,
Қос өзен-сынды
Бір айдынға кеп құйылған.
Бүгінгі күнді
Жырлаудан қалай шаршармын?!
Келеді менің
Әлемге бүкіл жар салғым!
Шешіліп бүгін
Сөйлесін шешен қызыл тіл,
Жас жұбайларға
Тілегін айтып баршаңның!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері