Қанатты шақ – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қанатты шақ» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1206
(аударма)

Құс қанат біткен жандайын,
қақтырып жердің таңдайын,
аспанды серпіп самғайын.
Жұлдызды мұздар маңында,
ілесіп ұшқын - жалынға
ойнасын құйын жанымда.
Мазасыз бір күй - көңілде,
жұлдызды жолдар - көгімде,
Билейді қар - қыз төрінде.
Құйын жел әнін салады,
сиқырлы қыздың жанары
арбайды, жарқыл қағады.
Мұңды бір үн төгіледі
аспаннан.
Жер өзгерген өң-реңі
ақ шаңнан.
Корабльдер көрінеді
бос қалған.
Ақ желкендер, қарды жұтқан
ағыстар...
Теңіз бетте жаңғырыққан
дауыстар...
Шайқалып сонсын барша жақ,
ұмыт боп думан - салтанат,
құштарлық түні жырақтап,
төгіліп кетті бал шарап.

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері