Қабырғадағы көлеңкелер – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қабырғадағы көлеңкелер» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1091
(аударма)

Король өтіп бара жатыр паңдана,
тәжі ырғалып басында.
Сайқымазақ, күлдіргіші - сарбала
қутыңдайды қасында.
Үкіленген қалпақ киген, керілген
сұлулар да барады.
Шынжыр ұстап келе жатыр сеніммен
батыр жігіт манағы.
Сізге семсер жарасар еді, батырым,
қарашы асқақ тұлғаны!
Кездесуге шақырғандай ақырын
отты жанар ымдады.
Үкіленген қалпағыңыз, жүргенде
жарасымды түрі тым.
Сіз, айтпақшы, не жұмыспен бұл жерге
келіп тұрсыз, жігітім?
Ертегі айтып бере аламыз біздер де
таң атқанша жыр қылып,
Мына гүлді бұрынырақ сізден де
сыйлаған-ды бір жігіт!
Мұны әкелген - жүрегімнің ақыны,
текке бірақ күрсінбе.
Сіз өзіңіз ертегінің батыры,
қажет емес гүл Сізге...

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қабырғадағы көлеңкелер өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қабырғадағы көлеңкелер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қабырғадағы көлеңкелер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қабырғадағы көлеңкелер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері