Өлең, жыр, ақындар

Қаталдық

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1351
Шетімізден білгіш, батылмыз,
ұстаз жоқ біздер "жеңбейтін".
Тек одан жыпырылатынбыз,
көргенде сабырлы өр кейпін.
Кездескен сайын мұңданам,
арқама артардай қаһар – жүк.
Көрсетпейді мейірім-нұр маған,
қабағынан жауып қаталдық.
Әр сабағы оның – бір фильм,
ғажайып дүние, таң ғалам.
Басқаларын ашпай бұртидым,
ал ол пәнді оқу – заң маған.
Тік қадап семсер-жанарын,
ойларыңды оқиды ол-дағы.
Сылтау мен айла – амалың –
оның алдында ноль бәрі.
Бір өзі – құпия бір ғалам,
класта талай таңдандық.
Жек көре жүріп тырбанам,
көңілінен шығуды арман ғып.
Жүрмейді ол жөнсіз тұнжырап,
айқайлап не бір сөзге еріп.
Сол мұғалімді біз бірақ
"қатал" деп, жақсы көрмедік.
Енді арман – ұстаз, нұр күнім,
әр сөзін айтам мақал ғып.
Қит еткенімді жүр бүгін
достарым аңдып, жат аңдып.
Сыртымыздан оттап, қырлаған
көлгірсулерге маталдық.
Бұл күнде жетпей жүр маған
қайырымды сол бір қаталдық.
1991
***
Айтатын алғысым көп Елге менің:
бейнетпен өмір кешкен жеңгелерім,
ақкөңіл, жаны жайсаң ағаларым,
білемін інілерім дем берерін,
сіңлілер көңілімді көзден ұққан,
әрқашан сүйенішім сендер едің.
Қайткенде бір жақсылық жасаймын деп,
сендердің жайыңды ойлап сенделемін.
Өстім де Атыраудай асқақ елде,
ұмтылдым жастайымнан жақсы өнерге.
Өлеңмен шындықты айттым, адал жүрдім –
байлық жоқ жиып-терген басқа менде.
Туған ел, сенсің менің алтын кемем
басымды жеткізетін аспан-өрге.
Әйтпесе, бір итеріп таста жерге!
1999



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кісілік

  • 0
  • 0

Өз-өзіңнен сыздана
тырсиғанмен ісініп,
өрте жерді, тұз жала –
қонбайды одан кісілік.

Толық

Олар өлең оқиды

  • 0
  • 0

Қадалғанда сенің жарқын жанарың,
жырларымның шатастырдым беттерін.
Әуенінен жаңылғандай бар әнім,
ақылымды қарға көміп кеткенің.

Толық

Таңғұттарға қарсы күрес жырлары

  • 0
  • 0

Таңғұт жау тиді айлалы,
қатұнсін тісін қайрады,
жайратпай жауын таймады,
бауыздап жанын қинады.

Толық

Қарап көріңіз