Қарағым-ай!

Бұл бетте «Қарағым-ай!» атты Бозан Есбол Өтежанұлы жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Хабар күтіп шаршадым қарағымнан,
Іздесемде таппадым дала қырдан.
Оралса да күндері жаздың ыстық,
Қар жауып тұр тоқтамай жанарымнан.

Хабар күтіп шаршадым қарағымнан,
Арылатын бар ма сәт нала-мұңнан?
Төгілсе де аспаннан күннің нұры,
Ашылмай тұр қара бұлт қабағымнан.

Хабар күтіп шаршадым қарағымнан,
Ойлар көп қой жүректі жара қылған.
Күлкінің ұмыттым не екенін,
Бір тілім ас өтпейді тамағымнан.

Хабар күтіп шаршадым қарағымнан,
Керек боп жүр мағанда дара бір жан.
Әйтпесе азайып бара жатыр,
Жылылық ай жүзді ажарымнан.

Кәне, құйшы бір шиша шарабыңнан.
Жұбатайын жанымды аза болған.
Бәлкім хабар алармын қарағымнан,
Егер бұрын өлмесем ажалымнан.

06.03.2026


Пікірлер (2)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - деген жазуды басу керек (жазудың үстіне). Қаламды басып өңдеуге болады.

Ситора

Жақсы 👍🏻бірағында басқа басқа өлендер болса

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарағым-ай! өлеңінің авторы кім?

Бозан Есбол Өтежанұлы — осы өлеңнің авторы.

Қарағым-ай! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарағым-ай! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қарағым-ай! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері