Өлең, жыр, ақындар

Құйттай ғана құлыным

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 681
Құйттай ғана құлыным,
Жүз айланып жүзбір рет толғанам.
Толғанудан шаршамаймын таң қалам.
Байқамаймын уақыттың өткенін,
Тоқтап қалған сияқтанып бар ғалам.

Сәл көрмесем алаңдадым шөлдедім,
Сыйладың сен тәтті күннің ермегін.
Қалыңдау деп, әлде жұқа болды-ау деп,
Жүз қозғаймын бесігіңнің жөргегін.

Ауыстырып бесік жырға күйімді,
Доғардым мен кештер менен жиынды.
Ақ жүзіңе қонады-ау деп шаң келіп,
Қайта- қайта тазаладым үйімді.

Қайдан алдым ұшан теңіз сезімді?
Елжіреймін қадағанда көзіңді.
Саған сая болу үшін қас-қағым,
Өркен жайған талға ұқсаттым өзімді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Атырау

  • 0
  • 0

Тартты ақыры өзіне шалғайдағы ән,
Тыңдап жатып оянам қанбай қалам.
Жібек жырға толтыра бастадым кеп,
Дәптерімнің беттерін сарғаймаған.

Толық

Алмасы да албыраған қалада

  • 0
  • 0

Жылжып емес, жылдар зулап бара ма?
Өшпейтіндей із қалдырып санаға.
Келдің несін сезіміңді өртке орап,
Алмасы да албыраған қалаға?

Толық

Толқын

  • 0
  • 0

Өзге түгіл өз өзімнен қашам деп,
Ұйқылы-ояу жүргенімде масаң боп,
Мұң тозаңын айнасындағы көңілдің,
Кірпігіңмен сүртіп кеттің қашан кеп?

Толық