Шақырмаймын қасыма – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Шақырмаймын қасыма» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 598
Жаралған жаның бейне жійі арбауға,
Жүрегім өз кеудеме сия алмауда.
Сенімен қауышуды ойлау түгіл,
Батпаймын бүтін өмір қиялдауға.

Салыпты жүректерге сызат қайғым,
Шақырмаймын қасыма ұзатпаймын.
Өзің жайлы біреулер өсек айтса,
Мені айыптап жатқандай шыжақтаймын.

Қараймын қабағыммен күзге мұңлы,
Санаймын қанша жеміс үзгенімді.
Отырам өз-өзмнен дел-сал болып,
Қымтауға күйім жетпей іздеріңді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері