Бас аман, малың түгелде – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Бас аман, малың түгелде» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1337
Бас аман, малың түгелде,
хәл барда жұртты тірерге,
бірге ішіп, бірге күлерге,
алшаңдай басып жүрерге
адамның бәрі дос саған.
Есірген ез бе, шын ер ме –
адам мен сұмды білерге
ажырата алар жоқ шамаң:
жүрегің майлы, тоқ санаң.
Бақ тұрмас бекер бөскенге –
басыңнан бір күн көшкенде,
шамасы келмей қош дерге,
жаныңның жасын төксең де,
қайрылмай кетер оңбаған.
Үймелер майға көк шыбын,
дос дегендерің – көп шыбын,
бағыңмен кетер сол жаман,
жанында қалмай дос пенде.
Есін жияды сонда адам.
1990


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері