Киелі кәрі Питер - өнер жері – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Киелі кәрі Питер - өнер жері» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 999
Киелі кәрі Питер - өнер жері,
сезімдей ақ түндердің өлең-демі,
есен-сау жүсіңдер ме, Жамбылымның
жыр еткен ленинградтық өрендері?!
Өмірдің жадымызда сын шақтары,
сонда елді өлімдерден жыр сақтады.
Есен-сау жүрсіңдер ме, Питердегі
ержүрек өрендердің ұрпақтары!
Ежелден бір қынжалдың қос қырымыз,
кеудеде жасырынған жоқ сырымыз.
Кешегі қантөгісте қару емес –
ажалдан сақтап қалған достығымыз.
Сынбаған соғыста да, құрымаған,
быт-шыт боп жатыр бүгін ұлы ғалам.
Өзіңе қуат құйса Жамбыл-әуен,
нәр берген Берггольцтың жыры маған.
Алқымдап ақша-дәуір әлсіз жанды,
кешіп жүр Ар мен Ұят қар-сыздарды.
Жалғаған жүректерді сол жарасым
ұрпаққа үлгі болып қалсын мәңгі!
1972


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері