Бақыт деген көшпелідей – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Бақыт деген көшпелідей» атты Фариза Оңғарсынова жазған бақыт туралы өлең берілген.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1279
Бақыт деген көшпелідей
кетеді өтіп мұңдарың да.
Жүрсе болды дос жерімей,
өртенумен бір жалынға.
Арман қуып, талар денең,
тұралатпай атақ-атың.
Сезсең болды саған деген
ұлы еліңнің махаббатын.
Ақтау үшін жас халықтың
сенімі мен үміттерін,
ұста жалын ақша бұлттың,
жанарыңды тігіп пе едің?!
Жігер-желмен керне үміттің
желкендерін – жаға шалғай,
торы шырмап пенделіктің,
ұсақталмай, аласармай.
Жігер құйып түңілгенге,
шырқа өмірдің ақпан әнін.
Өте шығар ғұмыр демде,
үміт отын жақ, қарағым!
Рақаттың ғажап таңын
сүйрер сенен уақыт-кемең:
қасірет пен азаптарың –
жұрт аңсайтын бақыт деген.
1984


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері