Жазғытұры – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Жазғытұры» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 1061
Алқынған өзен үстінде
Асау мұз тулап көшкенде,
Әр тұста қар азаяр,
Жалаңаш жер қараяр,
Сол далада болдырған
Ымырт бұлт боп төнеді
Жас жаныма ащы арман
Қасірет мұңын төгеді.
Жайнайды тек табиғат,
Жасару деген болса егер.
Ал-қызыл әсем жалынды
Уақыт шіркін тербетер.
Қасірет шеккен дарынды,
Махаббат таппас шерлі етер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері