Өлең, жыр, ақындар

Н. Ф. (Ивановаға)

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 858
О баста жаным қалаған
Оңаша ойға батқанды;
Барымды ішке қамағам –
Жат көргем шерлі балаға
Жаны ашып, шулап жатқанды.
Бақытты жандар өзіме
Көмескімді ұқпас деп ұқтық.
Достасар, сүйер кезім де
Қайғылы қара сезімді
Сергітпес-ау деп деміктім.
Өзіме бұлдыр зарымды
Өлеңмен айтпақ жөн ұқтым,
Оқып бұл қағаздарымды,
Жұртпен де, күшпен арыңды
Демекші ем өзің жолықтыр.
Сабырлы, тұнық көздерің
Қадалды маған, қайран қап.
Басыңды шайқап, сез дедің
Санамды сырқат кезгенін,
Бос желік ойды ойрандап.
Сөзіңе сеніп, ойлансам,
Тереңдей түсіп жүрекке,
Ақылға бекер ойран сап
Қылмапты қылық ой жаңсақ.
Жұмсапты ол жұмбақ керекке.
Жұмсалған жағым борышкер
Жұлдызы нөпір түнгі аспан,
Айтқанын тәңір бір істер,
Болсын деп ойым өрістер,
Жылдарға жылжып тынбастан.
Қатал, өр мінез қақсатып
Бесікте жеген жаным-ай!..
Жоқ, сұмдық соқты оқсатып,
Зарлы ойдың шерлі мақсатын
Өлермін өзім танымай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

11 шілде

  • 0
  • 0

Жалқын бұлттың ішінде,
Жатқан шыңға зіл артып,
Күн батты бір кешінде
Айналасын қызартып.

Толық

Олар сүйді бірін-бірі сонша нәзік, әрі ұзақ

  • 0
  • 0

Олар сүйді бірін-бірі сонша нәзік, әрі ұзақ,
Жүректерде құштарлықтың қара дерті азынап,
Бірақ соны мойындауға жауласардай сескенді,
Сондықтан да махаббаттан беріспеді еш белгі.

Толық

Үш мыстан

  • 0
  • 0

Кезіктірдім балықшыны
Ау жамаған бір дем алмай!
Жүзі жарқын, анық шыны
Төрт құбыласы тең адамдай!

Толық