Өлең, жыр, ақындар

Ботагөз

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 1379
Ертегі

Адамдары баяғының
Болады екен мүлде өзге,
(Сүю деген бар ғой ұғым).
Құлай сүйген көрер көзге.
Сол заманның адалдығын,
Сіз де, әрине, естігенсіз,
Жұрт өзгертсе, тіпті мәнсіз,
Бір үлгісі аян бүгін,
Айтам өзін әуелгінің,
Салқынында тас бұлақтың
Саясында жөкелердің,
Аш көзінен бөтендердің,
Қымсынбай-ақ, масайрапты,
Мейірімді, өр қайратты
Отыр қызбен, төтен ерің...
"Құлдық ұрма, досым, маған, -
Деді сұлу - сенем саған,
Сылдырындай кәусар бұлақ,
Көк зеңгірдей көңілің пәк;
Ғашық болып дуылдаған,
Қалай сүйдің білмеймін нақ.
Қарашы өзің, сонау жақта
Жайнап қызыл қалампыр тұр,
Қалағаным одан басқа:
Дәл өзіңдей мұңға батқан.
Қылтияды көгілдір гүл..
Алысы жоқ махаббатқа,
Үзіп соны берсеңші бір!"
Ұшып тұрды албырт серім,
Қыздың жарқын көңілін аулап,
Судан бір-ақ қарғып ерің,
Қымбат гүлді жұлып алмақ...
Гүлді жұла бергенінде,
(Өңі қашты) шошынарлық,
Батып барад миға мүлде,
Амалы жоқ шыға аларлық!..
Көзін сүзіп, өзі дел-дал,
Сұлуына үнсіз қалған:
"Кешіре гөр, мені есіңе ал!"
Деді-дағы сор қайнаған.
Қатер гүлін тез жұлып ап,
Өз қолынан ең ақырғы,
От жүректен соңғы аманат,
Сұлуына лақтырды.
Қадірлі гүл содан бері
"Есіңе ал" деп аталыпты.
Жүректің бар елжірері,
Көзің түссе соншалықты.
Жасқантқандай адам соны
Оңашалық өрісі боп,
Аспан түстес гүлі оның,
Семгісі де өлгісі жоқ...
Тамам болды енді әңгімем,
Жалған-шынын кім біледі:
Дейсіздер ме қыз кінәлі –
Сөзі ғой тек бар бүлдіргені.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ғажапсың-ау, туған далам асылым

  • 0
  • 0

Ғажапсың-ау, туған далам асылым,
Тіпті ғажап сенің боран-шашының;
Қысың бар-ау ілкі қыстың түсіндей,
Кісің бар-ау ең алғашқы кісіңдей!..

Толық

Паткульден

  • 0
  • 0

Жаулар босқа у жұтады ызадан,
бізге сыншы тәңірі мен халық бар.
Отан үшін күрестік қой біз әман
Күрес құнын - ажалымыз анықтар.

Толық

Түс

  • 0
  • 0

Бозбаланы көрдім ақсұр ат мініп,
Клязьманың жағасында жарлауыт,
Құйындатып бара жатты аптығып,
Ақшам өтіп, мезгіл түнге қалды ауып,

Толық

Қарап көріңіз