Өлең, жыр, ақындар

Қаныш пен Шоқан жалғасты

  • 02.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1312
Ел абызы Едіге жайлы айтқанды
Шоқан жазып,
Орысша боп хатталды.
Ақылды орыс бір ноғайға аудартқан,
Қайта туған қазақшасы сақталды.
Жас кезінде алғыр Қаныш шүйіліп,
Шорқақ тілге шыдай алмай күйініп,
Жан бітіріп,
Жаңартты да тазартты,
Өз тілінде ел оқырдай сүйініп.
Дегендей­ақ енді адасып кетпесін,
Келістірді көне,
Жаңа дестесін.
Ел көксеген көне аңыз­дастанның
Қайта оралтты шықтай таза кестесін.
Елеуіштен өткізгендей ақтады,
Ұлы ұстазға ізет,
Құрмет сақтады.
«Тасырқаған мал тұяғы секілді»
Нобайы жоқ ноғайшылық жақпады.
Ахмет мырза «сандырақтап» кеткенін,
Осып өтті білдірмей­ақ өктем үн.
Қазақтардың қадірлеген кезі екен
Татар намай сөйлеудің де мектебін.
Шоқан, Қаныш жалғасып тұр осылай,
Қос дананың қиялы бір, көші бай.
Білем деме қазағымның тарихын,
Едіге жырын Қаныш жазған оқымай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бейсебаев Жезқазғанға келгенде

  • 0
  • 0

Бейсебаев Жезқазғанға келгенде
(Мәсімхан Бейсебаевқа)
«Басшы болып қалаға сайланғанда,
Кәкімбек Салықов

Толық

Мамырда қар жауғанда

  • 0
  • 0

Мамырда қар жауғанда
Әкелерді әкетті соғысқа айдап,
Мұң­зарында заманның пістік қайнап.
Кәкімбек Салықов

Толық

Есілім

  • 0
  • 0

Беу, туған жер!
Торғын тоғай Есілім,
Өр толқының – бала күнгі бесігім.
Кәкімбек Салықов

Толық