Есіл – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Есіл» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 7355
Есіл ағып барады, нұр жұмылып,
Жағада тал, терегі ырғатылып.
Айдында шортандары, шабақ қуған
Күмпілдетіп толқынды жарға сырып.
Есіл шалқып ағады-кең жайылып,
Мал жанын күзетіп жүр, Ел қайырып.
Атылып шығып жатыр-
Биік үйлер,
Ата мекен ежелгі жерді айырып.
Есіл терең ағады, шымырланып,
Иірім -жұдырықтай жұмырланып.
Аққу, қаздар жүзеді -
Ерке сылқым
Қыздардай биден қайтқан құмар қанып.
Есіл күліп,
Күрсініп , еркелейді ,
Төрт құбыла сай болып,
Жер - кеңейді.
Құшағына жарты әлем ендемейді,
Еш - өзен ,
Есіліме тең келмейді!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері