Жалғыздық – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Жалғыздық» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 1358
Жалғыздық деген сор екен
Тигенде тұрмыс соққысы,
Қуанышқа ортақ кеп екен,
Қайғыға ортақ жоқ кісі.
Құдай жалғыз, мен жалғыз,
Жүректі дертке шалдырдым.
Өткен дәурен - көрген түс,
Үкімі солай тағдырдың.
Сынаптай сырғақ уақыт бұл
Оятар ескі арманды,
Аулақта күтіп табыт тұр.
Кетейін қимас нем қалды?
Қиналар біреу болар ма
(Сенімім оған зор менің),
Рахат болар оларға
Туғанымнан өлгенім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері