Өлең, жыр, ақындар

Мысал

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1229
Тоқ бөрі қойды жылғада
қаһарыменен тұр мытып,
қинамай жанын біржола
жеп те қоймайды қылғытып.
Қой үнсіз қадап жанарын,
тығыла түседі қасқырға.
Ешкі болса егер, даланың
шулатар еді астын да.
Құтылуға да қылмай күш,
саялар әрі сайы жоқ.
Маңырау түгіл бұл байғұс
пысқыруға да жайы жоқ.
Қысылған ірең бетінде,
ойлап тұр (не еткен кең жүрек!).
«Шандырлау еді етім де –
ұят болады-ау енді», - деп.
Ойлайды: «Тақсыр, кеше гөр!
Қозым келсе екен бұл жерге,
екеумізді қоса жесе егер,
жарар едік-ау бір жемге…»
Жаутаң көз қойды жаншып жер
құлқыны – құдық, сұсты жүз.
Мықшиған сайын әлсіздер
мылжалай түсер күштіңіз.
1994


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мысал өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Мысал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Мысал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мысал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері