Жанқожа батыр басында жалбарыну – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жанқожа батыр басында жалбарыну» атты Фариза Оңғарсынова жазған ерлік туралы өлең берілген.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1858
Ей, ер бабам!
Басы айналып сен қорғаған кең далам
асау аттай құйқылжыған заманда,
сауысқандар билік айтып ғаламға
аласталып асылдар мен ардалар,
тағдыр шешсе күл шоқыған қарғалар
есі кеткен елім соған алданар,
батыр қайда шамырқанар, шамданар?
Сен қорғаған даланың
бүгініне мен күрсініп қарадым:
заман мүжіп кескекті ердің талабын,
құнсызға айналды бағалым.
Айыра алмай
дарақы кім, дара кім,
тұман алғандай жанарым.
Әділет деп қылыштарын қайраған,
арыстан Ер жағалауын жайлаған
Арал қайда, Сыр қайда?
Жағымпазды жаумен қоса тақымдар
Жанғожадай батырлар
енді бізде тумай ма?
Ей, ардақты ер баба!
Ерсіз болса, Ел — бала,
көлсіз болса, Жер нала.
Оңып барады кілем-жер.
Батырлар аз жауыздықты жүгендер.
Ұрпағыңа бірлік пенен жігер бер!
Ер көңілді халқың болса жалғанда,
туар әлі ту ұстайтын шын ерлер?!
1994


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері