Жөнегендей айдында ағын жосып
Бұл бетте «Жөнегендей айдында ағын жосып» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жөнегендей айдында ағын жосып,
бара жатыр далада шағыл көшіп.
Құтырынған құм боран көз аштырмай,
жайратардай жел-қанжар жаныңды осып.
Бүйрат құмдар дауылмен жағаласып,
бірін-бірі қуалап барады асып.
Тау тұлғалы кешегі ақ шағылдар
құлазыған тақыр боп қалады ашық.
Мәңгі сөнген адамдай көңіл емі,
көк аспанның түнерген өң-реңі.
Жанарынан жас төккен қара бұлттың
қабырғасы қақырап сөгіледі.
Сөгіледі, түнеріп тістенеді,
кернегендей керемет күш денені:
бытырлатып буынан кәрі аспанның
оңды-солды көздейді мыс жебені.
Біз екеуміз келеміз
іңкәрлықтың өткізбей бала күнін
/сан түйіліп, сан рет тарады мұң/
сезіміміз – даладай
құйын-желдер
жоя алмайтын бәрібір далалығын.
1977
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі