Тақырды таптап тандыр күн – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Тақырды таптап тандыр күн» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1136
Тақырды таптап тандыр күн, жатқанда шөлі бір қанбай, тас емшек болған тағдырдың, тамшы суы да тұр тамбай.
Денесі мәңгі шөлдерден шатынап кеткен шарт сынып. Таусылмас тылсым көргенмен, табиғатта да - тапшылык.
Теңіздер - жердің жанары, тірлікке біткен бақ, мұрат, толқындар кетіп барады шөлдерге қарай шапқылап.
Толқынның жасыл жастығын сыйлауға шаңдақ көн жерге кеудесін сорған ащы күн тақырға толқын төнгенде,
жағалау-жартас бас салды, желкесін жерге қаптырып. Төзімнен тозған тастарды қорғасын толкын жатты ұрып.
1977


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері