Нөсер өтті селдетіп – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Нөсер өтті селдетіп» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1050
Нөсер өтті селдетіп, тай тақырға қақ тұрды. Бұлақ-бала ержетіп, таудан тасты лақтырды.
Сәмбіталдың көйлегі солбырайды су болып. Тіл бітіп көл сөйледі, үйрек ұшып, қу қонып.
Қайың шықты баладай ақ балтырын түрініп. Көк күмбезге табадай Ай қалыпты ілініп.
Жел де қашты жағадан, алды-артына қарамай. Түнереді дала. Маң құлаққа ұрған танадай.
1977


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері