Өлең, жыр, ақындар

Айта алмаған сөздерім

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 826
Айтам деп
Айта алмаған сөздерiм
Алматының кешкi көшелерiндегi
Машиналар секiлдi –
Алқымымда! –
Кептелiп қалды.
Көзiм –
Бағдаршамның қызыл көзiндей
Шатынап
Кектенiп жанды.
Денем түршiгiп кеттi.
Шерге толы кеудем
Iсiнiп-кептi.
Кеудемдегi
Сол шерлi,
Улы сөздерiм
Ордалы жыландардай
Шиыршық атып
Ышқынып тулады.
Сыртқа шығамын деп
Бастарын көтерiп ап
Ысқырып шулады.
Шыға алмады!
(Шығаруға батылым жетпедi.
Өйткенi ол сөздер
Қатерлi, кектi едi).
Тамырларымдағы қан
Науаға құйылған
Балқыған темiрлердей боп
Жанып ақты.
... Ақырында шыға алмаған,
Жыландардай шиыршық атқан
Сол улы сөздерiм
Өзiмнiң жанымды –
Шырқыратып! –
Шағып жатты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қалай адаспайсың?

  • 0
  • 0

Қарыс жер көрсетпей –
Тұмшалаған! –
Тұманның iшiнде қалсаң
Қалай адаспайсың?

Толық

Ақша

  • 0
  • 0

Ақша!
Ақша!
Ақшаң болса – алшаңда!
Ақша болмай ел түсiп тұр сарсаңға.

Толық

Батыстың тентек желдерi

  • 0
  • 0

Батыстың тентек желдерi,
түстiктiң өртең желдерi,
шығыстың құрғақ желдерi,
терiстiң бұрқақ желдерi,

Толық