Бұл бетте «Шаттанғанда» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шаттандым!
Шалшықтың өзi
Тұңғиық терең боп кеттi.
Жаңқаңның өзi
Алып бiр
Кемем боп кеттi.
Шалқығаным сонша
Даламның өзi
Тарының қауызындай
Тар болды.
Қара суың
Бал болды.
Менi көрiп тұрған –
(Сүйсiнгеннен) –
Ап-арық адам
Жүн салған қанардай iсiнiп
Толғандай болды.
Үстiме қонған
Қара шыбынның –
Тойынғаны сонша! –
Торғайдай болды.
Үйiмнен
Алапат күшке енiп –
Ұшып шықтым.
Мелдектетiп от құйылған
Көшедегi шамдарды –
Шампан құйылған бокалдардай! –
Түк қалдырмай
Iшiп шықтым...
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі