Балық – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Балық» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2145
Бір күні атам ауды алып,
ұстады бір дәу балық.
Жақын келдім қасына,
көрейін деп аударып.
Мініп едім үстіне,
қыңқ етпеді, күшті ме?
Атып ұрды жағаға,
бір бұлқынып түсті де.
Ісіп кетті шекем де,
мінген екем бекерге.
Ашуланды-ау, шамасы,
мекеніме кетем деп.
1971


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері