Менің бесігім – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Менің бесігім» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1538
Аймалаған, емдеген,
ессе жұпар қырдан жел.
Мені аялап, тербеген
ақ бесігім — туған жер.
Шақырады сағына
сағым құшқан қырларым.
Күндей ыстық жаныма
менің құттай құндағым!
Аялаған ұланын
мынау байтақ думанды ел.
Тілегіңнен шығамын,
қуантамын, туған жер!
1984


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері