Көгілдір түндер – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Көгілдір түндер» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1469
Көк жүзінде сан жұлдыз жымыңдасқан,
қызыққандай біздерге үңілді аспан.
Досым, жасыл даланың құшағында
жүгір еркін, жусан мен гүлін жастан!
Көгілдір түндер, көгілдір түндер,
көгілдір жанарлардай күлімдеңдер,
үзбесін сандуғаштың үнін желдер.
Солдаттар көзін ілсін,
көгілдір жер шарының өңі күлсін.
Көгілдір түндер, көгілдір түндер.
Алаулаған арай жүз жас шағымда
көңілімде орын жоқ басқа мұңға.
Қалықтасын әсем ән, шаттық думан
менің туған елімнің аспанында.
1973


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері