Қаракөз айым – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қаракөз айым» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.03.2022
  • 0
  • 0
  • 2381
Армандай ақ сезімнен жаралдың ба,
аққудай айдындағы тарандың да,
боранды Жаңатасты жадыратып,
жарқ еттің Шолпанымдай таң алдында!
Қайырмасы:
Қаракөз — арман ақ Айым,
сүйсініп саған қарайын,
мақтан ғып жүрсін өзіңді
алыс пен жақын ағайын,
ұлы бар барлық қазаққа
үлгі болғайсың, жан Айым,
Қаракөзжан айналайын!
Әрдайым ұяласын жаныңа ақ күн,
жұртыңды мінезіңмен жадыратқын.
Бағы бол, шаттығы бол, Қаракөзім,
осынау қасиетті шаңырақтың!
Қайырмасы:
Қаракөз — арман ақ Айым,
сүйсініп саған қарайын,
мақтан ғып жүрсін өзіңді
алыс пен жақын ағайын,
ұлы бар барлық қазаққа
үлгі болғайсың, жан Айым,
Қаракөзжан айналайын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері