Тағы келім Ташкентке

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.03.2022
  • 0
  • 0
  • 564
Тағы келім Ташкентке, туысыма,
Толтырам деп жемісін уысыма,
Маған деген айнымас махаббаты
Құйылар деп жүректің қуысына.
Менің тиді мақтаныш үлесіме:
Жандай жақын өзбектің үні өзіме,
Маған аппақ пейілі мақтасындай,
Жібігендей өзінің мінезi де.
Құшам өзбек жасын да,
қариясын да.
Арал құйған Әмудың дариясындай,
Көзi шипа Сарыараш гәусеріндей,
Жаны жаннат Мырзашөл даласындай.
Бiз де бармыз өзбектің жан ұлындай,
Шырайлары Шыршықтың жарығындай,
Алматыда, үйімде жанып тұрған
Көне Бұхар көгілдір жалынындай.
Көңілім үстем Ташкенттің аспанындай:
Өзім туған өлкеде достарым бай;
Қашан көрсең дәулетті Қазақстан
Ағыл-тегіл Әлишер дастанындай.
Кеудеміз кең жаһанның күллі өзіндей,
Бақытымыз баянды күн көзіндей.
Достығымыз сәулетті, бepiк, биік,
Өзбек соққан сарайдың күмбезіндей.
Жырлар туыс бip қолдың саласындай
Жұмсаң, қатты жұдырық дәл осындай.
Өлеңімді өзің-ақ әлдилеші,
Бізге берген қызыңның баласындай.
Әpi сынап, міней бер өз iніңдi,
Жан емеспін жасқаншақ, жүзі мұңды;
— Алың-алың! —дегенге шашып-төгіп,
Арзан асап жүрмейін жүзіміңді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағы келім Ташкентке өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Тағы келім Ташкентке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Тағы келім Ташкентке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағы келім Ташкентке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері