Жабырқау

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 632
Сұлулықты осылай
Отырар ек мадақтап.
Өз парызын, досым-ай,
Жүрсе жарқын о да ақтап.
Ән де кейде зорлана
Шырқай, жылап-сықтайды
Оған да сол сорлы ана
Желге сауған сүт қайғы.
Жылатқандар анасын
Қайтсін әннің мерейін,
Жазмышпен-ақ санасып,
Жабырқап та көрейін.

Желтоқсан, 1996


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жабырқау өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Жабырқау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жабырқау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жабырқау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері