Көненің көрген күні – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Көненің көрген күні» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.03.2022
  • 0
  • 0
  • 729
Бал қымызды зереннен сарқып iшceң,
Ығысатын дау-шардың салқыны іштен
Баяғының заманы-ай!.. Өтті, кетті
Кейінгіге қыла алмай салтын үстем.
Басқарса да бұл күнде елді кімнің,
Босағасы бос емес ендігінің.
Бара алмайсың сен оған,
Ceнi өлтіріп
Қалдырса да ертеңге ем бүгінін.
Қамын жесу бұл дағы бұқараның,
Осыны ойлап сәт сайын жұқарамын.
Бұзып-жарып кipep ем, әл құрыған, —
Бұйыртпады құдайым Бұқар әлін.
«Тұрымтайдай ұл едің» десем, жүрек
Қалар ма деп қорқамын есеңгіреп.
Табандарда тапталды дейтін дәстүр
Аға кici шенінен не шендірек?!.
Бәpi өзінше Президент, патша бәpi,
Аға сұлтан секілді атшабары.
Kepeгi сол оларға өз үйінде
Баласына жақ ашпай жатса кәpi.
Демократия дейтінің кіндік eлi
Қанша көш жер қашықта, кім біледі?
Kәpi-құртаң көре ме шет-шепірін? —
Десем мені мазақтап күн күледі

Қаңтар, 1997 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көненің көрген күні өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Көненің көрген күні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көненің көрген күні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көненің көрген күні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері