Түске дейін һәм түстен кейін

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 28.03.2022
  • 0
  • 0
  • 661
Түске дейін көңілден жыр өндірем,
Қу тірліктің қоламтасын сөндірем.
Көп шайлыққан жүрегімнің тұсынан
Қай күні мен қан шықпаған мөлдір ем?!
Жылағаным күлгеніме қуаттай,
Келе жатыр сүріндірмей, құлатпай.
Шүкірәна, кеберсіген кеудеме
Естігеннен eншi бөлген құлақ бай.
Көз соқырлау, көңіл жіті көреген,
Жырдың неткен таусылмайтын қорегі ем?!
Шүкірәна, шаңырағым шалқайып,
Кеңеймесе, қусырылмас керегем.
Өлеңге мен болған емен борышты,
Тарыққанда ол да маған болысты.
Ұйықтап жатып ғадауаттан қорықсам,
Қорыққанды жақсы түске жорысты.
Түске дейін солайша мен тұтаспын,
Түстен кейін, басын жалмап жұт аштың
Жатқандай-ақ, жаным байыз таппайды,
Көп қылмысқа көңіл көзін жіті аштым.
Адал icтeн ажыратқан қолдарын
Арамзалар ойламайды ол барын.
Ол дегенім — құдай!
Оған шағынсам,
Көз жасымдай бip кесеге толды арым.
Қайдан шықты тонап жегіш жұмыссыз?
Аман-есен жер тұрғанда кім icciз?..
Қорланам мен замандасым болды-ау деп
Қарғыс атқыр, өтіп жатқан күні iзciз.
Адам құсап аяғына көн ілген,
Ар-ұяты көрге жетпей көмілген,
Арамзадан зеріктім-ау!..
Зepiктiм
Түстен кейін тұнжыраған көңілден!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түске дейін һәм түстен кейін өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Түске дейін һәм түстен кейін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Түске дейін һәм түстен кейін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түске дейін һәм түстен кейін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері