Бұл бетте «С-ға» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өкпелеттің бе мені,
Әлде мен өкпелеттім бе?
Әйтеуір, кінә таққаным бекер,
Көрмедім сені,
Сертке жеттім де,
Есігіңді оралып —
Қақпадым бекер.
Ренішті көңілді байқасын деп,
Көрмеймін деп өзіңе айттым-ау бекер.
Мен өкпеңді өзіңе қайта сілтеп,
Есігіңді ашпай-ақ қайттым-ау бекер.
Болмашыға көңілді матаушы едік,
Әттең ашу ақылмен өлшеп пе еді?
Кетіпсің ұлы жолға сапар шегіп,
Тағдырымыз оралтып көрсетпеді.
Бейітіңе сырымды келдім айтып,
Жүрегім түсіп өмір оттығына.
Өксідім,
Күйіндім мен енді қайтып,
Өкпелейтін жанның да жоқтығына.
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі