Бозбаланың жарқ - жұрқ етіп жанары – Әбіш Кекілбаев

Бұл бетте «Бозбаланың жарқ - жұрқ етіп жанары» атты Әбіш Кекілбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 5
  • 22747
Бозбаланың жарқ - жұрқ етіп жанары,
Бір ғажап от лапылдатып барады.
Шұғыласы алаулаған жалынның
Албыраған екі бетке тарады.
Сонда жігіт сүйінді:
- Кім тапты екен сүюді?!
Білсем, іздеп барар ем,
Тәңіріге санар ем!
Енді бірде момақансып жанары,
Қабағынан қар жауды да түксиді.
Жүрегінің жалындаған алауы
Баяғыдай лапылдамай бықсиды.
Сонда жігіт күйінді:
- Кім тапты екен сүюді?
Білсем, іздеп барар ем,
Басын шауып алар ем?


Пікірлер (5)

аинур

жақсы жазған менде осылаи оилаимын

Анель

Біртүрлі екен

Асем

Өте жақсы сайт . Бəрі бар

Асем

Күшті сайт қатты ұнап қалды

Наз

Жақсы өлең

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері